Стоматологиялық аурулар кезінде медициналық ұйымның стационардан тыс үй-жайларында, оның ішінде Ақтөбе облысының шалғай және жетуге жолы қиын елді мекендердің бала тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін 2015 жылы қалалық балалар стоматологиялық емханасы үшін «МАЗ» автокөлігі базасындағы жылжымалы стоматологиялық кабинет сатып алынды, ол стоматологиялық қондырғымен, рентген аппаратпен, медициналық құрал-сайманмен және соңғы буын пломбалау маериалдарымен толық жабдықталды.
Жылжымалы стоматологиялық кабинет медициналық медбикемен 1 дәрігер-стоматологтың жұмыс жасауына есептелген.
Жыл сайын аудандардың бала тұрғындарына стоматологиялық көмек көрсету үшін жылжымалы стоматологиялық кабинеттің көшпелі кестесі құрылады.
Аудандарға жол жүру уақытында дәрігер-стоматолог мынадай қызметтер жүргізеді: алғашқы кеңес беру, тістерді емдеу және жұлу, ауыз қуысының одонтогенді асқынулары және басқалары бойынша шұғыл операциялар жасау.
https://stom-aktobe.kz/kz/zhanaly-tar/114-stomatologiyaly-aurular-kezinde-meditsinaly-jymny-statsionardan-tys-j-zhajlarynda.html#sigFreeId1af10ac2f2






