2015 жылы бастауыш класс оқушыларының қатысуымен Colgate компаниясынан «Өмір бойы жарқыраған күлімсіреу» атты Қазақстандық ұлттық бағдарлама бастау алды.
Бағдарламаның мақсаты – балаларды ауыз қуысы тазалығына үйрете отырып, олардағы стоматологиялық аурулардың азаюына елеулі үлес қосу. «Өмір бойы жарқыраған күлімсіреу» атты Қазақстандық ұлттық бағдарлама алдын алу бөлімінің тіс дәрігерлерімен Ақтөбе қаласының мектептерінде жүргізіледі. Балаларды оқыту олардың жас ерекшеліктеріне сай келетін түрлері және әдістері көмегімен 2-3 кластар үшін тазалық сабағы түрінде өтеді. Сабақтар ойын, зиянды және пайдалы азық-түліктер туралы мультфильмдерді тамашалау түрінде өтеді және олармен еліктіретін әңгімелесу жүргізіледі, ал сабақтың соңында әр балаға тіс пастасы, қылшағы және буклеттер бар жинақ сыйға беріледі.
Балалар ауыз қуысын күтіп ұстау жөнінде көп пайдалы ақпаратты игереді, өздері үшін денсаулық құпиясын ашады: ауыз қуысын дұрыс тазалау дағдыларын зерделейді; тістерді дұрыс тазалау техникасын үйренеді, өте ерте жастан ауыз қуысын үнемі күтіп ұстаудың маңыздылығы туралы біледі.






