12 02.2024 жылы облыстық балалар стоматологиялық емханасында 2023 жылдың қорытындысы бойынша есепті жиналыс өткізілді. Есеп беру жиналысына облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлімнің бас маманы - Қ. Қ. Райжанов қатысты.


2023 жылдың қорытындысы бойынша бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары Р. П. Салихова баяндама жасады.
Баяндамада Облыстың балаларға стоматологиялық көмек көрсету көрсеткіштері айтылды. 2023 жылы стоматологиялық аурудың барлық көрсеткіштері жақсарды.
Облыстық денсаулық басқармасы облыстық балалар стоматологиялық емханасының 2023 жылғы жұмысын қанағаттанарлық деп таныды.